Енді қант диабетінің асқынуын онлайн анықтауға болады

Бұл жобаны отандық ғалымдар ойлап тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірегей жүйе қант диабетінен болған көз түбі ауруларын 91% дәлдікпен көрсетеді.

Диабеттік ретинопатия – көздің торлы қабығындағы қан тамырларын әлсірететін көз ауруы. Бұл дертті дер кезінде емдемесе, онда көздің көру қабілеті нашарлайды. Ал отандық өнім арқылы диагнозды дөп қойып, аурудың алдын алуға болады. Тек аппаратпен көз түбін суретке түсірсе болғаны.

Еркебұлан Жәнібекұлы, жоба жетекшісі:

- 51 жүйе мобильді функция камерасын қолдану арқылы ауыл аймақтарда орта дәрежедегі медбикелердің көмегімен көз түбінің суреті түсіріледі де біздің жүйеге енгізіледі. Әрі қарай жасанды интеллект алгоритмі диабеттік ретинопатия бар жоғын және қай стадияда екенін анықтайды.

Медицинаның бұл жетістігінің игілігін енді ауылдағы жұр та көре алады. Жүйеге енген сурет автоматты түрде аудан немесе облыс орталығындағы офтальмолог дәрігерінің базасына түседі. Сол кезде маман қашықтан қорытынды жасайды. Бүгінде бұл аппарат Астана мен Алматы қалаларында, СҚО, ШҚО, Түркістан облысы, Ақмола облысындағы емханаларда бар.

Назым Абдықасымова, скрининг мейіргері:

- 31 фост камера биыл сәуір айында біздің емханаға әкелінді. 400 адам өтті. Фост камерамен аурудың алдын ала аламыз. Бұл камерамен қант диабетінің асқынуын қараймз. Нәтижесі бір 10 минутта дайын болады.

Жобаның бір ерекшелігі – дәрігердің қорытындысы науқастың электронды денсаулық паспортына тіркеледі. Жоба жетекшісі өнімді клиникаларға енгізу және ары қарай дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанын айтады. Айтпақшы, бұл бастама мемлекет тарапынан қаржыландырылған.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова Ырыстанбек Оспанов