ҚР ІІМ: елге ағылған ресейліктердің саны азайды

Елге ағылған ресейліктердің нөпірі азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жағдай қайта қалпына келді. Бұл жөнінде бүгін ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейде ішінара мобилизация жарияланғанннан бастап Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны күрт артқан болатын. Ресми ақапарат бойынша 100 мыңға жуық ресейлік азамат елімізге келген. Марат Ахметжановтың айтуынша, бұлардың арасында құқықбұзушылық жасап, Қазақстаннан депортацияланғандар да болды.

Марат Ахметжанов, ҚР ішкі істер министрі:

– Келіп жатқан азаматтардың саны Ресейден шығып жатқандарға қарағанда аз. Ресейден тәулігіне 8-9 мың азамат келеді. 10-11 мың азамат шығып отыр. Ол күнделікті бұрынғы сол нормаға кірдік.