Қазақ – қырғыз телеарналарының ынтымақтастығы артпақ

Қырғызстанның ұлттық телерадиокорпорациясы «Хабар» агенттігімен ынтымақтастығын дамытады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бауырлас екі ел медиа саласында тәжірибе алмасып, бағдарлама, кино, телехикая жобалары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Қайрат Иманалиев, Қырғыз Республикасы ұлттық телевизиясының директоры:

– Тәжірибе алмашу мақшатында меморандум түземін деп мақұлдастық. Телекөрсетілімнің ролі өте шоң. Елдер ортошындағы ынтымақташығын жақындататын, ортоқ темаларды шығаратын. Иекі елдің телеарнасы арқылы тәжірибе алмашсақ, бұл чоң үлкен пайда.

Берік Уәли «Хабар Агенттігі» АҚ» басқарма төрағасы:

– Қырғыз елінің мәдени күндері аясында Қырғыз мемлекеттік телерадиокорпорациясы басшысы әріптесімізбен кездестік. Контент алмасу, сериал, бағдарламалар жасау, деректі фильмдер түсіру жөнінде арнайы келісімге келдік. Бұйырса, олар бізді өз еліне қонаққа шақырып жатыр. Арнайы меморандумға қол қоямыз.