Алматыда жарылған жылу магистралі қалпына келтірілді

Алматыдағы Шәріпов пен Гоголь көшесінің қиылысында жарылған жылу магистралі қалпына келтірілді. Бұл туралы қаланың Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады.

Құбырды жөндеу жұмыстары 11 қарашаға қараған түні сағат 02:00-ге таман аяқталған. Кейін сынақ жүргізіліп, жылу берілді. Сондай-ақ Шәріпов көшесіндегі көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Асфальттың жабындысын ауа райына байланысты 13 қарашаға дейін ретке келтіру жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, диаметрі 400 мм жылу магистралі кеше кешкі 17:00-ге қарай жарылған болатын. Апатқа құбырдың ескілігі себеп болған.