Сайлауды Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының атынан келген байқаушылар бағамдайды

Президент сайлауының әділ өтуін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының атынан келген байқаушылар да бағамдайды.

Сонымен қатар саяси науқанда Өзбекстан мен Әзербайжан мемлекетінің өкілдері де болады. Бүгін олар Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен кездесті. Басқосуда кезектен тыс президент сайлауына дайындық жайлы айтылды. Байқаушылар атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. Сондай-ақ заң бұзушылықтардың жолын кесіп, сеніммен артылған міндетті адал атқарамыз деді. Олар жексенбіден бастап сайлау учаскелеріндегі жұмысын бастайды.

Зайниддин Низамходжаев, Өзбекстан ОСК Төрағасы, халықаралық байқаушы:

- Аз уақыттың ішінде көп жұмыс атқарылғанын байқадық. Дайындық кезеңі сәтті өтті деп айта аламын. Байқаушыларға жасалған жағдай халықаралық стандарттарға сай келеді. Өзбекстаннан 18 адам саяси науқанға арнайы келді. Біз Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында жұмыс істейміз. Сайлауда заңбұзушылықтардың болмауын қадағалаймыз.