Сайлау барысында өрескел заңбұзушылық анықталған жоқ – Ақтөбе облысы

Ақтөбе өңіріндегі учаскелерде болған байқаушылар дауыс беру процесінің ашық әрі заң талабына сай өткендігін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, облысқа Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 16 өкілі келген болатын. Бұдан бөлек ұлттық байқаушы ретінде  және бұқаралық ақпарат құралдары атынан 3 мыңға жуық азамат тіркелген.

Нұржан Шаңғытбаев, «Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ Ақтөбе ОФ жетекшісі:

- Облысымызды 502 сайлау часкесі орналасқан. Сол 502 сайлау учаскесіне партиялық емес бақылау орталығынан біздің өзіміздің дайындаған байқаушыларымыз қатысып, өз міндеттерін атқарды. Заңбұзушылық фактілері орын алған жоқ. Президент әділ, әділетті және шынайы өтті деп мен айта алам.