Таразда 255 жас сарбаз әскери ант қабылдады

Олар Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригадада борышын өтеп жатыр. Жауынгерлер еліміздің әр аймағынан келген, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Олар бір айдан аса уақыт бастапқы жауынгерлік дайындықтан өтіп, әскери тәртіпке бейімделді. Еншара әскери бөлімде емес, «Жеңіс» саябағында өтті. Шараға жиналғандар  алдымен Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Ант беру рәсіміне сарбаздардың туыстары қатысып, жас әскерилерге қолдау көрсетті.

Алмас Рахмет, жас сарбаз:

- Маңғыстау облысынан Тараз қаласына 85/395 әскери бөліміне өзімнің Отан алдындағы борышымды өтеуге келдім. Әскери қызметте 40 күн болды жүргенімізге. Жалпы әскери қызмет әр азаматтың борышы деп ойлаймын.

Сондай-ақ...