Елорда мектептерінде 1-ші ауысымда оқитын балалар қашықтан оқиды

Ертең аяздың күшеюіне байланысты елорда мектептерінде бірінші ауысымда оқитын балалардың барлығы қашықтан білім алады, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Сондай-ақ, күн райының қолайсыздығына байланысты колледждердің 1-2 курс студенттері үшін де сабақ онлайн форматқа ауыстырылды. Алдағы күндері Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр. Өзге өңірлерде де ауа температурасы төмендейді. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.