АХАЖ саласында некені тіркеу мерзімі 15 күнге дейін қысқарды

Қазақстан азаматтары жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді кез-келген нотариуста онлайн рәсімдей алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал АХАЖ саласында некені тіркеу мерзімі 15 күнге дейін қысқарды. Бұл туралы Әділет вице-министрі Сыр өңіріне сапары барысында атап өтті. Бекболат Молдабеков өңір тұрғындарымен кездесуде Конституцияға енгізілген өзгерістерге де тоқталды.

Әділет минстрінің орынбасары қазақстандықтардың өмірін жеңілдететін цифрлық жүйелер бірқатар салаға енетінін атап өтті. Мәселен, қазір азаматтық хал әктілерін тіркеу кезінде туу, неке және қайтыс болу туралы куәлікті екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы электронды түрде алуға болады. Енді мұндай оңтайлы өзгеріс жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер кезінде де қолданылмақ. Яғни, азаматтар бұрынғыдай мүлік орналасқан жерге барып, уақыт шығындамай, кез-келген нотариустың қызметіне жүгіне алады.

Бекболат Молдабеков, ҚР Әділет министрінің орынбасары:

- Жаздан бері цифрлық онлайн доверенность жасадық. Ол нотариусқа бармай-ақ, онлайн түрде «Еgov» арқылы бәріміз үйреніп қалдық қой, «Ватсаппен» видеозвонокпен сөйлесіп, сол сияқты тез-тез жасап, жіберетін боламыз. Менің ойымша, ол өте заманауи нәрсе.

Қазақстандықтардың бір талабы – Конституциялық сот құру еді,-деді Бекболат Молдабеков. Бұл заң қабылданды және жуырда ғана күшіне енді. Келер жылы қызметіне кіріседі. Ал сала мамандары  - бұл кезекті демократиялық қадам деп баға берді. 

Ерлан Алтаев, Құқықтану кафедрасының меңгерушісі:

- Мысалы конституциялық соттың судьясы 8 жылға ғана бір мезгілге тағайындалады, бір рет. Қайталап тағайындалу мүмкіндігі алынып тасталған. Бұл да бір демократиялық қоғам. Бір ғана адам ол жерде мәңгі отырып қалмас үшін істелген дүние деп ойлаймын.

Вице-министр тұрғындарды толғандырған сауалдарға орай жеке қабылдау да өткізді. Сонымен қатар, Қызылорда облысы Әділет департаментінің қызметкерлерімен кездесті.

Сондай-ақ...