Павлодарда қатерлі ісікке шалдыққан әйелдерді қолдау мақсатында фотокөрме ашылды

Павлодарда қатерлі ісікке шалдыққан әйелдерді қолдау мақсатында «Өмір керемет» деп аталатын фотокөрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Фотосуреттерде дертпен күресіп жүрген нәзік жандылар бейнеленген. Экспозицияға аймаққа танымал фотосуретшілердің Евгений Кузнецов пен Айдан Кәрімнің туындылары қойылды. Ауырып, жазылған адамдар да көрмеге келді. Олар фотосессияны емдеу терапиясы ретінде қабылдағанын айтты.

Сәуле Исағұлова, ұйымдастырушы:

– Бұл көрме әйелдер сұлулығы туралы. Химияны өтіп жатқан, сәулелендіруді өтіп жатқан әйелдердің сұлулығы туралы. Бұл өмір туралы, қиын жағдайдан өткен өмір. Қиын тәжірибеден өткен әйелдер туралы және де бұл ауруды аттап, күресу туралы көрме. Мақсатымыз қоғамдағы стереотипті өзгерту, онкологиялық ауру жөнінде.