Жетісу облысында бизнес өкілдерінің құқығы қорғалды

Жетісу облысында кәсіпкерлерден негізсіз 2 млн теңге салық өндірілмек болған.

Заңсыз әрекетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері әшкереледі. Олар көшедегі жарнама жайлы заңның орындалуын сараптау барысында қателікке жол берілгенін байқаған. Басым көпшілігі Панфилов ауданына тиесілі. Аталған мәселеге қатысты құзырлы орган өкілдері тексеріс жүргізіп, 125 кәсіпкердің құқығын қорғады. 30 бизнес нысаны мен шоттарға қойылған бұғаттаудың мерзімінде шешілмегенін де анықтады.

Мақсат Жебегенов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің басшысы:

- Мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен Сол мекеменің жұмысына талдау жүргізудеміз. Сонымен қоса бизнеске жер беру мәселесін кешенді талдаудамыз. Біздің негізгі мақсатымыз мемлекеттік қызметті оңтайландыру.