Волонтерлер Түркияға гуманитарлық көмек жібереді

Ұлттық волонтерлер желісі Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге жылу жинауды бастады.

Таңертеңнен бері мұнда тұрғындар жарты тоннаға жуық зат әкелген. Оның ішінде жылы киімдер, көрпе-төсек, жеке гигиена құралдары және тұрмыстық заттар бар. Еріктілер әлі де қыстық киімдер қажет екенін айтады. Жиналған жылу Түркияға бірер күнде аттанады. Игі іске елдің кез келген азаматы атсалыса алады. Ол үшін Ұлттық волонтерлер желісімен байланысу қажет. Гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылады. Сондай-ақ қаржылай қолдау да қарастырылған. Қажетті реквизиттер ұйымның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған.

Айбек Досымбетов, "Birgemiz" республикалық волонтерлер фронт-кеңсесінің жоба үйлестірушісі:

- Бүгіннен бастап еліміздің барлық өңірлерінде, қалаларда облыстық фронт-офистерден арнайы штаб құрылып, гуманитарлық көмек жинау басталып кетті. Барлық облыстар өздері жинаған көмекті Астана қаласына жібереді. Түркия еліне жіберуді біз ұйымдастыратын боламыз. Қажетті жастарды әлеуметтік желіге жарияладық. Оның ішінде химиялық, үйсіз қөалғанджарға жылы киімдер, төсеніштер, одеялардар, палаткалар қабылдап жатырмыз.