Алматыда екі адам табиғи газдан уланып көз жұмды

Алматыда табиғи газбен жылытылатын жеке тұрғын үйде екі адам уланып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, кеше 16 қаңтар күні кешкі сағат 17:50-де ТЖД кезекші бөліміне Түрксiб ауданы «Қайрат» ықшамауданында орналасқан табиғи газбен жылытылатын жеке тұрғын үйдің пешінен ақау шыққаны туралы хабарлама түсті.

«Жоғарыда аталған мекенжайға жедел медициналық жәрдем келгенше 1995 және 1992 жылы туған екi адам көз жұмды. Мамандармен тексеру барысында, пештің мұржасы газ қазандығына дұрыс бекiтiлмегенi және герметиканың болмауы анықталды. Нәтижесiнде бөлмеге жану өнiмдерi мен көмipтегi oксидi жайылған. Оның салдары өлімге әкелді»,- деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаметінен.