Семейде жыл басынан бері көлікті мас күйінде жүргізген 28 адам ұсталды

Олардың ішінде бұрын көлік жүргізу құқынан айрылғандар да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді заң бойынша олар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан да айырылуы мүмкін. Тәртіп сақшыларының айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық заңындағы өзгерістерге сәйкес ішімдік ішіп немесе есірткі шегіп рөлге отырған жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан бұрынғыдай 3 жылға емес, 7 жылға айрылады. Сорақы жағдайлардың бірі есірткіге есі кеткен жүргізушінің қоғамдық көлік тізгіндегені болып отыр.

Әділбек Нығманов, қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің м. а.:

- Бұл оқиғалардың барлығы бойынша әкімшілік іс қозғалып, хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен оларға заң бойынша қатаң шаралар қолданылды. Тәртіп бұзған жүргізушілер енді 7 жылға дейін көлік тізгіндеу құқынан айрылды.