Есірткі саудасын интернет-дүкен арқылы жүргізгендер ұсталды

Интернет-дүкен ашып, есірткі саудалаған қылмыстық топ ұсталды. Психотропты заттар саудасы сайттағы жасырын сілтемеде көрсетілген әлеуметтік желі арқылы іске асырылған.

Қылмыскерлер есірткіні теміржол қатынасы арқылы Нұр-Сұлтан, Павлодар, Семей және Екібастұз қалаларына жеткізбек болған. Олардың тірлігін көліктегі полицейлер әшкереледі. Тінту жұмыстары кезінде есірткінің бір реттік қолдануға арналған екі мың дозасы тәркіленді. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.