Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті

Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

«Сағат 18:00-де Естай – Ак.Марғұлан көшелерінің қиылысында «Chevrolet Lanos» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Тексеріс жүргізіледі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 1945 жылы туған азаматша бас миының шайқалуы, сол жақ иығының көгеруімен №1 қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.