Павлодарда адам өлтірді деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды

Павлодарда табылған ер адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

– 2021 жылғы 28 наурызда Павлодар қаласының Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласындағы қоқыс контейнерінің жанында зорлық-зомбылық белгілері бар 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция қызметкерлері аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Күдікті Павлодар қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталатын болады.