Түркістан облысында балықты заңсыз аулау тыйылмай тұр

Түркістан облысында полицейлер арнайы жүргізілген рейд барысында табиғатқа залал келтірудің 31 әкімшілік құқық бұзушылығы мен 2 экологиялық қылмысын анықтады. Олар негізінен заңсыз балық аулау, су қорғау аймағына тор құру, Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді жою әрекеттері. Заң бұзғандарға 200 мың теңге көлемінде астам айыппұл салынды.

Шығыс Қазақстан облысында күннің күрт жылынуына байланысты өрт оқиғасы жиіледі. Өңірде 4 сәуірден бүгінге дейін 22 дала өрті тіркелген. Зайсан, Глубокое, Үржар, Бесқарағай, Тарбағатай, Көкпекті, Аягөз, Жарма, Күршім аудандары мен Өскемен және Семей қаласы аумағында жалпы ауданы 243 гектар жерді өрт шарпыған.

«Қызыл жалын негізінен құрғақ шөптің жануы, ауыл шаруашылығы алқаптарында қоқысты өртеу және табиғат аясына тынығушылардың салғырттығынан тұтанады», - дейді мамандар. Өңірде орман және дала алқаптарында өрт оқиғасын болдырмау, заң бұзушыларды анықтау мақсатында патрульдік-мобильді топтар құрылған.

Нұрлан Тұмабаев, облыстық ПД ЖПҚ Басқармасының аға инспекторы:

- Рейдтік шаралар барысында 1 апта көлемінде ҚР ҚК 335-бабы балық ресурстарын заңсыз аулау бойынша 2 қылмыс анықталды. Браконьерлерден заңсыз ауланған 200 келі балық, тор тәркіленді. Хаттамалар толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін аудандық соттарға жолданды.

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжайық ауданында жеке үйден бағалы заттар жоғалды. Үй иесінің жоғын пайдаланған белгісіз біреу ноутбук пен екі ұялы телефонын алып кеткен. Жәбірленуші әйел бірден полицияға арызданған. Нәтижесінде күдікті көп ұзамай ұсталды. Ұрының 26 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны екені анықталды. Жас жігіт ұрланған заттарын сол ауылдың тұрғындарына сатпақ болған, бірақ одан ештеңе шықпаған. Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.