Қарағанды облысында заңсыз құмар ойын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

Қаладағы қонақ үйлердің бірінде екі азамат астыртын покер залын ашып, жұмыс істеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілердің бірі осыған дейін де заңсыз ойын жүргізгені үшін істі болған. Сондықтан оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Зарина Құсманова, облыстық экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі:

- Оқиға орнынан 2 млн теңге және 1 мың АҚШ доллары, сондай-ақ ойын карталары мен покер ойнауға арналған үстел тәркіленіп алынды. Қазір күдіктілерге қылмыстық істің екі тармағы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.