Каспий маңында 20 түйенің өлексесі табылды

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағасында 20 түйенің өлексесі табылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандар жануарлардың ерте көктемде суға кеткенін алға тартып отыр.

– Қатты дауылдан жануарлардың өлексесі жағаға шығып қалған. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті және облыстық ветеринарлық станция түйелердің өлексесін жою бойынша жұмыстар жүргізуде, – делінген мәлімдемеде.