Павлодарда 12 жасар ұлын көлік тізгініне отырғызған ер адам ұсталды

Әлеуметтік желіде Toyota Land cruiser Prado маркалы автокөлігінің тізгінінде жас бала отырған сурет тарады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті.

- Павлодарлық пабликтердің бірінде кәмелетке толмаған баланың көлік жүргізіп отырған суреттері жарияланған. Аталған факті бойынша Кенжекөл ауылына автопатруль жіберіліп, факт расталды. Toyota Land cruiser Prado маркалы автокөлігін көлік иесінің 12 жасар ұлы басқарған, – деді департаментте.

Әкесі ҚР ӘҚБК 612-бабы, 5-бөлігі – «Көлік құралын басқаруды басқару құқығы жоқ адамға беру» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.