429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арнайы операция аясында 10 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

  • 161
  • UPD: 00:38, 29.04.2021
Арнайы операция аясында 10 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

Еліміздің екі өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар есірткі сатумен айналысқан. Арнайы операция жүргізген полиция Шығыс Қазақстанда 7 адамнан тұратын топты анықтаған. Оның үшеуі Алматы облысында жұмыс істеген. Басшылары да сол жерде екен. Бас-аяғы бір айда барлық күдікті ұсталды. Барынша қырағы болған күдіктілер өздері тұрақтаған қалаларда пәтерлерін ұдайы ауыстырып отырған. Арнайы операция аясында 10 келі, яғни 100 мың доза сатуға әзірленген синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы құны 200 млн теңге. Олар өнімдерін әлеуметтік желі арқылы сатқан. Қылмыскерлерді іздеу шараларына қызметтік иттер пайдаланылды. Қазір қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы