Алматыдағы Аюсай шатқалында жоғалған азамат аман-есен табылды

Оны құтқару операциясы түні бойы жалғасқан.

Турист шатқалдағы сарқырама бойында қалып қойған. Себебі өзендерде су деңгейі көтеріліп, кері қайтар жолдарды су басқан. Аюсай маңында бір адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат республикалық жедел құтқару жасағына түнгі сағат 11-ден 11 кеткенде түсті. Мамандар альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен азаматты қауіпсіз жерге алып шықты. Оның жағдайы жақсы.