Ұры бір тонаған үйін бес жылдан соң қайтадан үптеп кетті

«Қайта шапқан жау жаман» дей ме қазақ? 45 жастағы күдікті бес жыл бұрын тонап кеткен үйіне қайта ұрлыққа түскен.

Бұл Петропавлда болған жағдай. Із кескен тергеушілер қолды болған ноутбук пен дауыс зорайтқышты күдіктінің үйінен тапқан. Ал алтын бұйымдарды ұры ломбардқа өткізіп үлгіріпті. 

Данияр Ғалиақпаров, облыстық  ПД аға жедел уәкілі:

- Ағымдағы жылдың басынан 196 пәтер ұрлығы тіркелген. Оның 120 фактісі ашылып сотқа жіберілген. Кетер алдында пәтерлердің есіктерін тексеріп, үй әйнектерінің ашық қалдырмауларын және де мүмкіндігінше дабыл қондырғыларын орнатуға және де аулалар мен үйдің подъездерінде бейнебақылау орнатуға кеңес береміз.