Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты.

Оқиға орнында бір жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, жол-көлік апаты Қазцик кентіне жақын жерде болған. Toyota қалаға, ал Nexia облысқа қарай келе жатқан.

Әзірге қай көліктің жолдың қарсы бетіне шығып кеткені белгісіз. Алайда соққының қатты болғаны сонша, Toyota Hilux бір бүйіріне қарай жантайып қалды.

Daewoo Nexia-да болған бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Басқалары ауруханаға жеткізілді. Ал Hilux жүргізушісі қатты зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнында Алматы облыстық Полиция департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар жол-көлік оқиғасының себептерін және жолды қарсы бетіне шыққан көлік жүргізушісін анықтайды.