Қостанай облысында бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті

Қайғылы жайт 2 шілде күні 7 шағын ауданда болған.

Бұл туралы Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып alau.kz хабарлайды.

«7 шағын ауданда бала бесінші қабаттан құлап кеткен. Сағат 19:25-те қоңырау келіп түсті. 19:28-де дәрігерлер оқиға орнында болды. Бүлдіршін облыстық ауруханаға жеткізілді.

Бала жабық бассүйек ми жарақатын алған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ қалыпты», – делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.