«Finiko» қаржы пирамидасынан тақырға отырған адам саны анықталуда

Елімізде аңғал жұртты тақырға отырғызуды көздеп жүрген тағы бір қаржы пирамидасы анықталды.

Құқық қорғау органдары азаматтарға барынша сақ болуды ескертеді.

«Finiko» деп аталатын компания өз қызметін көбіне әлеуметтік желіде ұсынып келген. Ұйым криптовалюта мен өзге де қаржылық құрал сатумен айналысады. Азаматтарға салған ақшасын еселеп өсіреміз, тіпті несиеңді толық жауып береміз деп уәде етеді. Тұрғын үй, көлік құнының 35 процентін төлеген жағдайда 3-4 ай ішінде оны меншіктеуге көмектеспек болады. Жарнамасы жер жарған ұйымнан қанша қазақстандық зардап шеккені әзірге белгісіз. Дегенмен, мамандар одан қаржы пирамидасының барлық белгілерін тауып отыр. Қазір «Finiko» компаниясының үстінен Ресейде қылмыстық іс қозғалған.