Ақтауға Өзбекстаннан көшіп келген 21 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Ақтауда 21 жастағы бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті. Ол Маңғыстау облысына Өзбекстаннан келген.

Ақтауда алғаш рет болуы көрінеді. Бірер күн бұрын қыз үйден шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Сол күні анасы полицияға арыз жазды. Қазір тәртіп сақшылары іздестіру жұмысын жалғастырып жатыр.

Өскеменде бірнеше шағын ауданды түтін басты. Келеңсіздік қала іргесіндегі күл-қоқыс алаңының өртенуі салдарынан болды. Тілсіз жау мың шаршы метр аумақты жалмап үлгірген. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 32 адам мен 13 техника жұмылдырылды. Бықсыған от қоқыстың түбін бойлай жанғандықтан оны ауыздықтау оңайға түспеді.

Шымкенттік полицейлер мейрамханалардың бірінде үлкен той ұйымдастырылғанын анықтады. Залда 150-ден астам адам болған. Той дереу тоқтатылып, қонақтар таратылды. Оқиғаға қатысты материалдар тиісті мекемеге жолданды. Тығылып той жасағандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.