ШҚО-да қатты жел тарихи нысанды қиратып кетті

Шығыс Қазақстан облысында Құнанбай әулетінің қорымы қатты жел салдарынан астан-кестен болды. 

Былтыр ғана жаңғыртылған тарихи нысан табиғаттың тосын мінезіне шыдас бермеді. Темір қоршаулар құлап, тынығу орны мен естелік тақта қирап қалды. Қазір төңіректі ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал кешенді қайта абаттандыру үшін 600 мың теңге қаражат қажет көрінеді.

Алма Көкбаева, Ақшоқы ауылының тұрғыны:

– Мұндай нөсер өмірімде бірінші рет болып тұр ғой деймін. Біз осы жерде отырғалы бірінші рет көріп тұрмыз. Қатты ақ нөсер жауын болды. Түк көрінбейін екі мен үштің арасында болды. Дауыл ұшырғанда мына темір қақпалардың бәрін ұшырып алып кетті.

Қайрат Сабырбаев, Семей қалалық өлкетану музейінің директоры:

Өзіміз жауапкершілікке алғаннан кейін Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасынан ақпарат түсірдік, қоршауларды қалыптастыруға қаражат бөлулерін сұрап хат жібердік. Ол кісілер қаражат бөлуді қарастырып жатыр.