Қарағанды облысында 3 мың гектар жер өртеніп кетті

Қарағанды облысында жалпы аумағы 3 мың гектер жерді шарпыған өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жайылымдық жерлер, шабындықтар, кейбірінің тіпті, шауып қойған шөбі күлге айналды. Желдің жылдамдығынан тілсіз жау елді мекеннің іргесіне жетіп, ауаны түтін басқан. Бұл жолы Абай ауданындағы Ақбастау ауылының маңайы жанып кетті. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Нұралы Смағұлов, ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының директоры:

– Желдің қатты салдарынан ауылға қарай өрт таяды. 10-15 шақырым жерге дейін дала өрті келді. Бірақ соған қарамастан біздің күштер мен құралдар және де еріктілер, жергілікті органдардың қызметкерлерімен бірге өртті уақытымен тоқтатып алып, ауылға қауіп төндірген жоқпыз.