Жылқыны тірідей жеңіл көлігіне тиеп алған ұры ұсталды

Жылқы ұрлап, оны тірідей жеңіл көлік салонына өңгеріп алған. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері осындай барымташыны оқиға орнында қолға түсірді

Тәртіп сақшылары оның Ұлан ауданының 31 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ол бұған дейін де мал ұрлаған әккі барымташы болып шықты. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Енді ол мал ұрлығы үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жылқының иесі де табылды.

Жалпы облыс бойынша жыл басталғалы мал ұрлығына қатысты жеті қылмыстық топтың жолы кесілді.