Алматы облысында елік атқан Ресей азаматы ұсталды

Алматы облысында полицейлер елік атқан 39 жастағы ер адамның қолына кісен салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іле ауданы Ынтымақ ауылының маңында заңсыз аңшылық құрған күдікті Ресей азаматы болып шықты. Ол Сібір елігінің 2 арқарын атып, мемлекетке 2 млн 83 мың теңге залал келтірді. Атылған дала жануарлары мен аңшы мылтығы заттай айғақ ретінде тәркіленді. Сот оны қауіпсіздігі төмен түзеу мекемесіне 1 жыл 6 ай мерзімге қамауға үкім шығарды. Жалпы, жыл басынан бері аймақта браконьерлердің жолын кесу бойынша 132 қылмыстық іс қозғалған.