Алматыда айуандықпен өлтірген қыздың денесі табылды

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қыз баланың денесі табылған.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қыздың денесі қала орталығындағы Достық 138, «Латифа» тұрғын үй кешенінен табылған. Алдымен оны тұншықтырып өлтіріп, кейін өртеп жіберген. Сондай-ақ полицейлер марқұмды жеңіл жүрісті болуы мүмкін деп болжам жасаған еді.

Оқиға бойынша арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы, 2 бөлігі яғни адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

«Күдіктінің жеке басын анықтау үшін кешенді шара қолға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ кісі қолынан мерт болған қыз жезөкше болды деген дерек шындыққа жанастпайды»,-деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір қылмыстың себебі анықталып жатыр.