Оралда сүйіктісін пышақтап өлтірген ер адам ұсталды

Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен Орал тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 5 қараша күні қаланың шағын аудандарының бірінде болған. Жалдамалы пәтерде бірнеше жерден пышақ салынған 40 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 42 жастағы ер адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған екеудің кездесіп жүргені, пәтер жалдап, бірге арақ ішкені анықталды. Ер адам мас күйінде сүйіктісін қызғаныштан өлтірген», – деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодесксінің 99 бабы 1 бөлігі Адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.