Ақтөбе облысында жұмысшылар мінген автобус апатқа ұшырады

Ақтөбе облысында мұнай компаниясының жұмысшылары мінген автобус жол апатына ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24.

Оқиға облыстық маңыздағы «Покровка-Жаңажол» бағытындағы жолда болған. Жарқамыс кентінен Ақтөбеге қарай жүріп келе жатқан автобус жол бойында тұрған «Камазға» соқтығысқан.

Полицияның хабарлауынша, автобус жүргізушісі жылдамдықты төмендетпеген көрінеді. Көлік ішінде 12 адам болыпты. Салдарынан екі адам көз жұмып, алтауы Қандыағаш қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Мейіржан Кенжебаев, Мұғалжар аудандық ауруханасының бас дәрігері:

– 4 адам амбулаторлық емге жіберілді. 2 адам ауруханаға жеткізілді. 1982 жылғы және 1972 жылғы ер адамдар. Оң жақ аяқ сүйектерінің сыну белгілерімен. қазіргі таңда жағдайлары орта ауырлықта. Емін толық қабылдауда.