Шерушілер Алматы қаласының әкімдігіне басып кірді

Дәл қазір шерушілердің Алматы қаласының әкімдігіне басып кіргені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны әкімдік өкілдері растап отыр. Дегенмен митинг ұйымдастырушылардың нақты қандай талап қойып отырғаны белгісіз. Олар өз позициясын білдіріп жатқан жоқ. Ал шаһарда түндегі оқиғадан кейін әртүрлі дене жарақатын алған 190 адам емдеу мекемелеріне қаралған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Жарақат алғандардың 150-уі жедел жәрдем қызметінің көмегіне жүгінген. Қалғаны емдеу мекемелеріне өздері барған. Жалпы, зардап шеккендердің ішінде 137 полиция қызметкері, 53 қала тұрғыны бар. Қазір 40 адам ауруханада жатыр. 7 тұрғын жансақтау бөліміне түскен. Оның төртеуі – полиция қызметкері.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті