Қарағандылықтар Талдықорғанда қаза тапқан азаматпен қоштасты

Қарағандылықтар Талдықорғанда қаза тапқан азаматпен қоштасты
Inform.kz

Бүгін Қарағанды облысының Шахан кентінде Талдықорғандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан ҰҚК-нің 28 жастағы жедел уәкілі Әділ Нүркеновті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Хабар 24.

Марқұмға бүлікшілердің оғы тиген. Әділ Нүркеновті ақтық сапарға шығарып салуға Шахан кентінің барлық тұрғыны мен жанашыр жақындары келген. ҰҚК-нің капитаны соңғы 8 айын Талдықорған қаласында өткізіп, қызметте болған екен. Марқұмның соңында жары мен 3 жасар қызы қалды. Әділ Нүркеновке қайтыс болғаннан кейін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі берілді.

Алмагүл Имашева, марқұмның туысы:

– Құпия материалдар дейді ғой, соларды тасымалдап бара жатқанда машинадан атқан дейді. Қайта-қайта атып, содан тигізген. Қасында бір кісі болған, ол да қаза тауыпты. Ешкімнің баласы өлмесін, аналар мен әкелер жыламасын. Өте ауыр қайғы, қимаймыз. Жаңа көрдік, жай ұйықтап жатқан сияқты.

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты