Атырауда 22 кәсіпкерге қатысты тергеу басталды   

Атырау облысында автогаз сататын 22 кәсіпкерге қатысты тергеу басталды. Олар «өзара келісіп, сұйытылған газ бағасын көтерді» деген күдікке ілініп отыр.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті мамандарының айтуынша, соңғы уақытта автогаз бағасының шектен тыс өсуіне байланысты шағым көбейіпті. Желтоқсанда жүргізілген тексеріс осындай олқылықтардың бетін ашқан.

Айта кетейік, қараша айында бағасы 110 теңге болған сұйытылған газ қазір 50 теңгеден сатылып жатыр.

Айгүл Нәбиева, облыстық Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы:

– Егер кәсіпкерлердің кінәсі анықталса, олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша жауапқа тартылады. Шағын және орта кәсіп иелері кірісінің 3%-ін, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері кірісінің 5%-і көлемінде айыппұл төлейді.