Қарағандыда тепловоз бен жүк көлігі соқтығысты

Қарағандыда теміржол өткелінде тепловоз мен КамАЗ соқтығысты. Оқыс оқиға видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Хабар 24 Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Бытовая көшесінде сағат 17:22 шамасында болған. Бейнежазбада түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті. Жүргізуші өткел бойымен қозғалып келе жатқан тепловоздың жылдамдығын бәсеңдетуге үлгермеген. Сөйтіп жақындап келе жатқан пойыздың алдындағы өткелден тез сырғып өтпек болған жүк көлігімен соқтығысқан.