Оралда келіншек эскалатордан баласын құлатып алды

35 жастағы келіншек Оралдағы сауда орталығының эскалаторынан сәбиін құлатып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ауыр жарақат алған 9 айлық нәресте қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың бас сүйегіне зақым келіп, миы шайқалған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.