ҰҚК халықаралық есірткі арнасының жолын кесті

2022 жылғы 18 наурызда Шымкент қ. ҰҚК департаментінің қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен «С» деген азаматты ұстады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 10 келіден артық жоғары сапалы ауған гашиші алынды.

Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 50 млн теңгеден асады.

Сотқа дейінгі тергеу материалы ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.