Қостанай облысында студенттер астан уланды

Кеше Рудный тау-кен технологиялық колледжінде оқып жатқан жастардың арасында осындай факті тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші курстың 70-ке жуық студентінің жүрегі айнып, лоқсып, мазалары қашқандықтан медицина мекемесіне жүгінген. Қазір он адам ауруханаға жатқызылды. Санитар дәрігерлер студенттердің неден уланғанын тексеріп, полиция сот алды тергеу жұмыстарын бастады.