Риддер тұрғыны үй асханасында есірткі сақтаған – ШҚО

Сәуір айының соңында есірткі затын сақтады деген күдікпен Риддер қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Полиция мәліметінше, пәтерді жедел тінту кезінде ас үйден ақ түсті ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған полимер пакет, сонымен бірге қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған қорап, электронды таразы, қоңыр ұнтақ зат салынған қара оқшаулағыш таспамен оралған полимер пакет табылып, тәркіленді.

«Сонымен қатар сол жерден ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған төрт полимер пакет, ішінде ерекше иісі бар қоңыр түсті шайыр тәрізді зат салынған пластикалық қорап табылды», – делінген мәліметте.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тінту барысында алынған заттар салмағы 2 грамм болатын және психотроптық зат аналогы меткатиноннан 16 грамнан астам синтетикалық есірткі екені дәлелденген. Сондай-ақ сараптама жедел тінту кезінде алынған қораптағы зат салмағы 3,05 грамм болатын кептірілген марихуана екенін көрсетті.

«Пәтерден алынған пластик қораптағы зат салмағы 6,10 грамм болатын каннабис шайыры екені анықталды. Қаскүнемге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады», – деді полиция өкілдері.