Алматыдағы балмұздақ зауытының 5 қызметкері уланып қалды

Алматыдағы балмұздақ зауытының 5 қызметкері уланып қалды.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендер ауруханаға кеше таңғы тоғызда жеткізілген.

Қазір үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы біреуі токсикология бөлімінде. Бесіншісі стационарлық емдеуден бас тартқан.

Ал компания өкілінің мәлімдеуінше, мұздатқыш цилиндрдің тығыздауышы бүлініп, 500 грамдай аммиак төгілген.  Уланғандардың бәрі қаптама бөлімінің қызметшілері. Ал сол ауысымда өндірілген 2 тонна балмұздақ саудадан алынып, арнайы қоймаға қойылған. 

Бауыржан Омаров, қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Аурудың белгілері кеше келген кезде біріншіден есі, есі толық болмайды және құсу, жүрек айну белгілері болады. Слабость көп мазалайды. Аммиак деген ол сұйықтық. Бірақ ашылған күйде ауаға тарайды да сонымен-ақ адамдар уланады. 

Бейбіт Құрманбаев, «Шин-Лайн» компаниясы маркетинг бөлімінің басшысы:

- Табылғаннан кейін барлық ауысымдағы қызметкерлер эвакуация жасалынды. Жедел жәрдем шақырылды. Өз жағымыздан біз толық еммен қамтамасыз етуге және арнайы көрсетілген өтемақы төленеді.