Атырауда жүргізуші куәлігін сатқандар ұсталды

Көлік саудасының бізде де шекесі қызып тұрған жоқ. Бірақ бізде өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылғандар да көлік жүргізе береді.

Атырау қалалық прокуратурасы осындайларды анықтады. Яғни бұған дейін куәлігін алып қойып, онысын қайта қайтарып берген лауазымды тұлғалар бар. Өйткені бірі пара беріп, екіншісі оны алған. Тіпті болмай бара жатса, өзге қаладан барып куәлік жасатқандар да табылады. Прокурорлар осындай 5 фактіні анықтады.

Ерлан Кәкиев, қалалық прокуратураның бөлім басшысы:

- Екі азаматтың куәліктерін алу үшін 180 мың теңге пара беру фактісі тіркелді, белгісіз азаматтарға. Және 3 азамат мерзімінен бұрын куәлік алу үшін осындай заң бұзушылыққа барған. Жалпы бір іс Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне жолданды. Тергеу амалдарын жүргізу үшін. Қалған фактілер бойынша Атырау қаласындағы жауапты қызметкерлер жауапкершілікке тартылды.