Ұлытау облысында екі оқушы қыз суға батып кетті

Ұлытау ауданындағы Ақтау ауылынан 20 шақырым жердегі су қоймасынан суға батып кеткен оқушы қыздардың мәйіті табылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 маусым күні Жаңаарқа ауданында Ақтау ауылынан 20 шақырым жердегі су қоймасына 2009 және 2012 жылдары туған екі қыз батып кетті. Киіммен табылған қыздардың мәйітін оқиға куәгерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары судан шығарды.

Қайғылы оқиғаға қатысты облыстық полицияның баспасөз қызметі де түсініктеме берді.

«Бұл іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

21 маусым күні Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен брифингте елімізде шомылу маусымы басталғалы бері суға батып, қайтыс болғандардың статистикасы жарияланған еді.

Ведомствоның мәліметінше, бірінші маусымнан бері 36 адам суға кеткен, оның 19-ы балалар.