Қарағанды облысында табиғи өртті сөндіру әлі де жалғасып жатыр

Қарқаралы ауданында қазір екі өрт ошағы тіркелген. Қызыл жалынның жалпы аумағы шамамен 900 гектарға жуықтайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өртті сөндіруге ТЖД, өртке қарсы ерікті құрылымдар, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығының, Ұлттық табиғи паркпен полицияның күші тартылған. Өрт орнында барлығы 280 адам, 44 техника, 2 тікұшақ жұмыс істеуде. Тілсіз жауды ауыздықтау таулы-жартасты жерлер, сондай-ақ су қоймаларының алыс болуынан қиындап тұр,- дейді мамандар. Елді мекендерге қауіп жоқ көрінеді.