Павлодарда жұмысшы тереңдігі жеті метр бункерге құлап кетті

Ер адам жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 23.15-те жергілікті ЖШС-нің бірінің цехына 31 жастағы слесарь  жұмыс істеп жатқан кезде бункерге құлаған. 

- Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады департаментте.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында жұмыс берушіге хабарлама жіберілгенін және жазатайым оқиғаға қатысты тергеу ұйымдастырылғанын  мәлім етті. 

- Жұмысшы тереңдігі 10 метрдей шахтаға құлап кеткен. 1991 жылы туған ер адамда жабық бас сүйек-ми жарақаты, бел омыртқасының компрессиялық сынуы, екінші дәрежелі травматикалық шок тіркелді, - дейді басқармада. 

Сондай-ақ іш жарақаты анықталған. Зардап шеккен адам № 1  қалалық ауруханаға жатқызылды.