Алматының Медеу ауданында саяжайда тұратын 29 жастағы жігіт үйін есірткі зертханасына айналдырған

Оған Мефедрон сияқты психотропты заттарды зертханалық жолмен өндіріп, таратумен айналысты деген айып тағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үйінен тыйым салынған заттарды жасауға арналған құрал-саймандар және синтетикалық есірткі табылған. Психотроптық заттарға сот химиялық сараптама тағайындалды. 

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Ер адамның айтуынша интернет қосымшасы арқылы оған Мефедрон психотропты затын жасаудың ингредиттері және нұсқаулары бар сынама алғыштан бастап ұсынылған. Оған оны жасағаны үшін жомарт сыйақы уәде етілген. Қасқой келіскен соң жұмыс берушілер оған қажетті шикізатты алу үшін кординаттарды жіберген. Тәркіленген заттарға сот химиялық сараптама тағайындалды.