Екібастұздағы коммуналдық апаттан кәсіпкерлер зардап шекті

Солардың бірі Мәшһүр-Жүсіп көшесіндегі 50-ші үйде орналасқан стоматология. Бүгін онда жылу берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ жылыту радиаторларын стоматология басшылығы жеке қаражатына ауыстырған. Жеті күн ішінде құрылғылар мен бірге дәрі-дәрмектер де мұз болып қатып қалған.   

Руслан Меңдібеков, стоматолог-дәрігер:    

- Жылу берілгеніне 15-20 минут болды. Барлық жерлерден ақау шықты. Қабырғалар жарылып кетті.Кафельді ауыстыру керек.

Ал, жергілікті атқарушы билік Төтенше жағдай кезінде заңды және жеке тұлғаларға келтірілген шығынның толық өтелетінін жеткізді.       

Ринат  Букаев, Екібастұз қалалық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі:            

- Кәсіпкерлер келтірілген шығын көлемін, мекенжайларын көрсетіп, әкімдікке өтініш жазулары керек. Жеке бастарының куәлігін қоса жіберулері шарт. Зардап шеккен нысандардың шығынын есептейтін арнайы  комиссия құрылады.